Тоғыз жолдың торабында орналасқан Сауран ауданы ежелгі заманда Ұлы Жібек жолының бойындағы маңызды, сауда-саттығы мен мәдениеті дамыған, қолөнер шеберлерінің жиналатын, гүлденген қалалардың бірі болған. Президенттің шешімімен жаңадан құрылған Сауран ауданында қазіргі таңда атқарылып жатқан іс те көп, салынып жатқан ғимарат та көп. Түркістан облысындағы ең жас ауданның бүгінгі тыныс-тіршілігі қандай, ауыл-аймақтардың дамуы қандай және алдағы жоспарлардың жай-жапсары қандай? Бұл сұрақтардың барлығына тұрғындар аудан әкімі Мақса т Таңғатаровтың аузынан Ескі Иқан тұрғындарымен кездесу барысында естіді. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 "Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы" Жарлығы бойынша елді-мекендерде кездесу ұйымдастырып жүрген әкімнің кезекті жиыны осы ауылда өтті, деп хабарлайды newsroom.kz.
Кездесу барысында аудан басшысы өңірдегі тоғыз айда атқарылған жұмыстарды баяндаған соң, алдағы атқарылатын жұмыстарды атап өтті. Ескі Иқан елді мекеніне табиғи газ жобасына енбей қалған тұрғын үйлерге меморандум арқылы ЖСҚ әзірленуде. Елді мекендердегі ескі бағаналармен электр желілерін ауыстыруға ЖСҚ әзірленген. Жоба құны - 697 019,0 мың теңге. Құрылыс жұмыстарына қажетті қаражатты бөлуге республикалық және облыстық бюджетке өтінім жолданған. Ескі Иқан елді мекеніне дейінгі су құбыры желілерінің құрылысына ЖСҚ әзірленді. Жоба құны – 2 470 032,0 миллион теңге.
Ауылдың тазалығы көңіл көншітпейді. Аудан әкімі көше бойындағы тазалық сақтамаған кәсіпкерлік нысандарға тиісті бөлімге заңмен шара көруді тапсырды. Ауылды абаттандыру жұмыстары бойынша тиісті жұмыстар атқарылмаған. Ауыл тұрғындарын тазалық пен абаттандыру жұмыстарына атсалысуға шақырды.
-Әлі күнге шешімін таппай келе жатқан мәселе көп. Оның бірі ауылды ауыз сумен қамтамасыз ету. "Ақ бұлақ" бағдарламасымен тартылған су құбырларының тозығы жеткен. Жерасты суын тартатын ұңғымалар да көнерген. Келер жылдың І-тоқсанында барлық су ұңғымалары жаңартылады. Құрметті, ауыл тұрғындары! Ауылдағы мәселені өзімізден басқаға керек емес. Бірлесіп, ауызбіршілікпен жұмыс жасауды сұранамын. Алауыздық болған жерде жұмыс жүрмейді. Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, келешек үшін қызмет етейік,- деп жиынды қорытындылады Мақсат Асылбекұлы.
Есепті кездесу соңында тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Кездесуден кейін аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша жеке қабылдады. Жергілікті тұрғын М.Юлдашов жаңадан құрылатын Тұран елді мекені бойынша атқарылып жұмыстардың мән-жайын білу үшін жеке қабылдауға келді. Ескі Иқан елді мекенінің халық санының өсуіне байланысты шекарасын анықтап бөлу жолымен жаңадан елді мекен құру жұмыстары жүргізілуде. Түркістан облыстық ономастика комиссиясында қаралып, оң қорытынды алған жағдайда Тұран елді мекенінің бас жоспарын бекітуге ұсыныс берілетін болады.
Тұрғын Г.Тұрарова Батыс Қытай-Батыс Еуропа жолының бойында көкеніс пен жеміс-жидек сатып, күнелтіп келеді. Заңдылығына сәйкес халықаралық жол жиегінде сауда жасауға рұқсат етілмеген. Тұрғынның қабылдауға келген себебі жол жиегінде сауда жасауға он күн сұрады. Тиісті мамандар ол заңға қайшы әрекет екенін түсіндірді. Сонымен қатар, ауыл сыртындағы полигонның жағдайын көтере келген тұрғындар да болды. Мәселені мақұлмен емес, заң аясында ақылмен шешеміз деген аудан басшысы мұнан өзге де көтерілген мәселелерді сала басшыларына жүктеді. Орындалуын тікелей өзі бақылайтынын айтты.
Ескі Иқан ауылдық округінде бүгінде атқарылған іс аз емес. Округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы да жақсы көрсеткіштерге ие. Айталық «Ескі Иқан ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне 2023 жылы 8 айда 51 миллион 980 мың теңге бюджет жоспарланып, 8 айда 51 миллион 980 мың теңге 100 пайыз игерілген.
Бұл ретте бюджет есебінен атқарылған жұмыстарды да тілге тиек етейік. «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында ауданның тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы Ескі Иқан ауылдық округінің Ескі Иқан елді мекеніндегі Салауат (800 метр), М.Әуезов (550 метр), Сұлтанқожа Ата (1240 метр) көшелерінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына 68 миллион 372 мың теңгеге ашық конкурс жарияланып, жеңімпаз «Астана Томирис и Ко» ЖШС 48 миллион теңгеге жұмыс атқарыпты.
Ескі Иқан ауылдық округіне қарасты М.Жүсіп елді мекеніндегі Достық-2 (1150 метр), Достық-4 (850 метр) көшелерінің ағымдағы жөндеу және жаяу жүргіншілер жолағын төсеу жұмыстарына 78 миллион 829 мың теңге қаржы бөлініп, ауданның экономика және қаржы бөлімі арқылы ашық конкурс өткізіліп, жеңімпаз болып танылған «Астана Томирис и Ко» ЖШС 55 миллион теңгеге жұмыс атқарған.
Ескі Иқан ауылдық округінің Ескі Иқан елді мекеніндегі Шымкент, Ұлықбек, Жаңа Иқан және Х.Алимжан көшелеріне жаяу жүргіншілер жолағын (аяқжол) төсеу жұмыстарына 67 миллион 401 мың теңгеге ашық конкурс жарияланып, жеңімпаз болып танылған «Estet Stroy» ЖШС-мен 46 миллион 112 мың теңгеге келісімшарт жасалынып, бүгінгі таңда жұмыс жүргізілуде.
Ескі Иқан ауылдық округіне қарасты Ескі Иқан елді мекенінің Мулла Тажи көшесіне жаяу жүргіншілер жолағын төсеу жұмыстарына сметалық құны 20 миллион 073,978 мың теңге жергілікті салықтық түсімдер есебінен бекітіліп, ауданның экономика және қаржы бөлімі тарапынан ашық конкурс жарияланып, жеңімпаз болып танылған «Astana Smart Plus» ЖШС-мен 14 миллион теңгеге келісімшарт жасалынуда.
Ауылдағы мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарына Үкімет тарапынан 368 миллион 090 мың теңге бөлініп, жеңімпаз болып танылған «ГрадСтройСервис» ЖШС өтпелі кезеңмен жұмыс жүргізуде. 2023 жылы — 211 миллион 700 мың теңге, ал 2024 жылға 156 миллион 390 мың теңге жоспарланған.
Ауыл аумағындағы күл-қоқыстарды ретке келтіру мақсатында «Мегасервис» ЖШС-мен 4 миллион 984 мың теңгеге келісімшарт түзіліп, бүгінгі таңда санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізілуде.
Ауылдық округ бойынша элекетр бағаналарын және сымдарын жаңарту мақсатында жобалық-сметалық құжаттар әзірлену үстінде.
Ескі Иқан елді мекенінде орналасқан Жеңіс көшесінен балалар алаңы, воркаут, спорт алаңын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 35 миллион теңгеге жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, тиісті мекемелерге тапсырылды, аталған жерге мемлекеттік акт рәсімделген.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарына 2,5 пайыздық несие алу қолжетімді болуы үшін 2 әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация құрылды. Бүгінгі таңда «Иқан Агро2» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы сүт тауарларын қайта өңдеу зауытының құрылысын бастады. Жобаның құны 500 миллион теңгені құрап отыр.
Жеке кәсіпкер Элмир Юлдашев өз қаржысы есебінен заманауи үлгіде ауылдық учаскелік полиция пункті ғимаратын және автотұрақ салды. Құны 40 миллион теңгені құрайды.
Ауылдағы 175 орынды «Арзу» балабақшасы ғимаратына қосымша 125 орынды ғимарат салып, балабақша сийымдылығын ұлғайтуда. Құны — 80 миллион теңге мөлшерінде.
Ауыл орталығынан орта мектеп құрылысы жүргізіліп жатыр. Құны 250 миллион теңгені құрайды.
Ауылдағы 100 орынды «Тажинса Ана» балабақшасы ғимаратына қосымша 100 орынды ғимарат салып, бала ақша сийымдылығын ұлғайтуда. Құны — 100 миллион теңге.
Заманауи үлгідегі 4 аялдама демеушілер тарапынан Ескі Иқан елді мекеніндегі маңызы бар 4 көше бойына орнатылды.
Ескі Иқан елді мекенінен 6-7 шақырым қашықтықта орналасқан 40 – 50 отбасы өмір сүретін Диханабад учаскесіне «Тұран» атауы беріліп, елді мекен мәртебесін беру жұмыстары жүргізілу үстінде.
Ауыл орталығында орналасқан Қ. Исмаилов көшесі бойынан ауыл тұрғындарының ұйымдастыруымен балалар ойын алаңы құрылысы жүргізіліп жатқаны тағы бар.
Диханабад учаскесі елді мекен мәртебесі алғаннан кейін елді мекенге тиісті 300 гектар жер бас жоспарға кіргізіледі. Жеке инвесторлармен келіссөз жүргізіп мектеп, балабақша және спорт алаңын салу жоспарланып отыр.
Ескі Иқан елді мекенінің бас жоспарына өзгеріс енгізіп, бекіту бойынша 225,35 гектар жер белгіленіп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Мәшһүр Жүсіп елді мекені бойынша 396,11 гектар жер белгіленген.