Түркістан: Саурандықтар «саламатты Қазақстан» медициналық пойызының қызметін пайдаланды

Медициналық пойыз Сауран ауданы, Күншағыр станциясына 3 қараша түнгі 23.58-де келіп тоқтады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Осы жылдың 26 сәуірінен бастап ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен Самрұқ-Қазына және ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп «Саламатты Қазақстан» ауқымды әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда. Кәсіби медиаторлар мен заңгерлер қосылған пойыз жұмысы Түркістан облысында бастау алды, деп хабарлайды newsroom.kz.

Медициналық пойыз заманауи диагностикалық және медициналық жабдықтармен (УЗИ, флюорография және т.б.), шағын операциялық бөлмемен, зертханамен, интернетке сымсыз қосылуға арналған байланыс құралдарымен жабдықталған. Медициналық пойыздар шалғайдағы станцияның тұрғындарына медициналық емхана, аурухана, кабинеттер жоқ, жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділік жоқ жерде медициналық көмек көрсетіледі. Күншағыр станциясынан «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызын қарсы алуға Сауран ауданы әкімінің кеңесшісі Самат Тәңірбергенов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрғазы Тажыбеков, аудандық емхананың бас дәрігері Бақыт Стамқұлов және тиісті сала басшылары қатысты.

Жоба аясында әлеуметтік жағынан мұқтаж топтарға көмек көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді. Олар жалғызбасты, көп балалы аналар, мүгедек және ауыр дертке шалдыққан балаларды тәрбиелеп отырған әйелдер, жұмыссыз жастар, мүгедек әйелдер, зейнеткерлер, студенттер, ажырасқандар және басқаларға медиация келісімін жасасуға және қиын қаржылық жағдайға тап болған азаматтарға өз мәселелерін және шешу жолдарына көмек беріледі. Сауран ауданы бойынша 250-ге жуық азаматтар аталған медициналық қызметті алуға мүмкіндік алды. Аталмыш медициналық пойыз қызметі Сауран ауданында 5 қараша күні кешкі сағат 22.00-ге дейін жалғасып, Отырар ауданына жолға шықты.

Айта кетейік, әлеуметтік жоба арқылы білікті медицина мамандары, заңгер, психолог, медиаторлар облыстардың шалғай станцияларында тұратын жағдайы қиын және әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарға тиімді медициналық, психологиялық, құқықтық және медиативтік (татуластық) көмек көрсетеді.

«Медициналық пойыз» жобасының басты мақсаты - еліміздің шалғай аудандарының тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсету.

Ұлт мықты болу үшін адамдардың дені сау болуы керек. Дені сау ұлттың болашағы зор болмақ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның байлығы ең алдымен адамдар екенін атап өтті. Мемлекеттің басым міндеттерінің бірі – өмір сүру сапасын жақсарту және ұзақ өмір сүруге жағдай жасау. Бұл білікті медициналық қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жобаны «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және Денсаулық сақтау министрлігінің қатысуымен, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жанындағы «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қорымен және ақпараттық серіктес - Jibek Joly телеарнасымен бірге жүзеге асырады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жүктелуде...