Жаңалықтар

Төлеби ауданында рейдтік іс-шара өтті

Бұл туралы newsroom.kz порталы Түркістан облысы полиция депаратамені баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістан обылысы ПД бастығының нұсқаулығына сәйкес Төлеби ауданы аумағында жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында бір нүктелік рейдтік іс шаралар жүргізілуде.

Қоғамда қылмыстық жағдайға алып кеп соқтыратын жазатайым жайттардың алдын алу өзекті мәселе. Сол себептен Түркістан облысы Төлеби ауданында рейдтік іс-шара өтті. Рейдтік іс-шарада полицейлер жалпы, әртүрлі жазатайым оқиғаларға, түрлі қылмыстарға куә болады.

Мұндай жайттар өз кезегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың туындауына әкеліп соғады. Анықталған кемшіліктер бойынша қала әкімдігіне қайғылы жағдайларға əкеп соқтыруы мүмкін қауіптерді жою мақсатында қаланың барлық басқа аумақтарында осындай рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде жүргізу ұсынылды.