Жаңалықтар

Арыста зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы түсіндірілді

Бұл туралы newsroom.kz порталы Түркістан облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Арыс аудандық полиция бөлімі әйелдерді қорғау тобының инспекторы Айжан Мырзахметова, әкелер мектебінің төрағасы И.Қалиевалар, тұрғындармен кездесу өткізді. Онда зорлық-зомбылыққа ұшырамаудың алдын алу, болдырмау бойынша кеңестер берілді.

Сонымен қатар, құқық қорғау саласы зорлыққа ұшыраған әйелдер мен балаларды қорғайтынын, олар үшін арнайы ұйымдар бар екендігін де ескертіп, тұрғындардың сұрақтарына тұщымды жауап беріп, кеңестерімен бөлісті.