Түркістанда түнгі уақытта есірткі қолданған көлік жүргізушісі анықталды

Полиция департаменті Жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камераларының көмегімен есірткі құралдарын пайдаланудың фактісін анықтады

фото: түркістан облысы баспасөз қызметі

Облыс орталығы шағын аудандарының бірінде Полиция департаменті Жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камераларының көмегімен есірткі құралдарын пайдаланудың фактісін анықтады,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Түркістан облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Нақтырақ айтсақ, ЖБО операторлары көпқабатты үйдің ауласынан, түнгі 00:30 шамасында көлікте есірткі затын қолданған "Daewoo Nexia" жүргізушісін анықтады.Кезекшілер патрульдік полиция қызметкерлеріне барлық мән-жайды айтып, сол аумаққа бағыттады.

Оқиға орнына шыққан тәртіп сақшылары Түркістан қаласының тұрғыны, көлік жүргізушісінің жеке басын анықтады. Тексеру кезінде полиция ер азаматтан есірткіге ұқсас затты тапты. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. Қорытындыға сәйкес, алынған есірткі "марихуана" болып шықты.

Жүктелуде...