Арыста тұрмыстық қауіпсіздік шаралары туралы кездесу өтті

Арыста мектеп оқушыларына тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлерімен кездесу өтті.

фото: түркістан облысы баспасөз қызметі

Арыс қаласында мектеп оқушыларына тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлерімен кездесу өтті.

Арыс қаласының білім бөліміне қарасты И. Журба атындағы жалпы білім беретін мектепте 8-11 сынып қыздары арасында «Құқықбұзушылық, ерте жүктілік, зорлық - зомбылық пен әлімжеттіктің, өз - өзіне қол салу фактілерінің алдын алу» бойынша кездесу өтті,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Шараның мақсаты - жастардың адам тәрбиесі мен қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Арыс АПБ инспекторы мен А. Мырзахметова Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылық, суицид, ерте жүктіліктің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жүктелуде...