Түркістан облысы ет экспорты бойынша елімізде бірінші орында тұр
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуеті артып келеді. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды айтты. Облыста мал басы және өнімділігі орташа есеппен 4%-ға өсуде. Ет экспорты бойынша Түркістан облысы республикада бірінші орында тұр. Ірі қара мал етінің үлесі – 85%, ұсақ мал 60% құрайды. Биылғы 5 айда 5 мың тонна ірі қара мал еті, 3 мың тоннаға жуық қой еті экспортқа жөнелтілді, деп хабарлайды newsroom.kz.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл «Ауыл аманаты» жобасы іске асырылуда. Республикалық бюджеттен облысқа 20 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді. Пилоттық жобаға 64 ауылдық округ белгіленді. Жобаны іске асыру нәтижесінде 3 413 жаңа жұмыс орны ашылады, отбасылардың орташа табысы табысы 1,5 есеге өседі. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 30%-ға азайып, қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі 10%-ға ұлғаяды деп күтілуде.
«Түркістан облысында 1 маусымдағы жағдай бойынша мал шаруашылығы саласында 181,6 млрд теңгеге өнім өндіріліп, өсім 102,8%-ды құрады. Ауыл шаруашылығы жануарларының саны 8 млн-нан асып, өткен жылмен салыстырғанда орташа есеппен 4%-ға артты», — дейді Д. Сатыбалды. Облыста етті экспорттау қарқынды дамуда. Өткен жылдың қорытындысымен 15,7 мың тонна ірі қара мал еті, 8 мың тонна қой еті экспортталды. Осы жылдың қазіргі көрсеткіштері ірі қара мал еті бойынша 5 мың тоннаға, қой еті бойынша 2,6 мың тоннаға жетті. Жалпы облыста мал шаруашылығы көрсеткіштері оң динамиканы көрсеткенімен, жайылымдық жерлердің тапшылығы орын алып отыр.
Жыл басында жалпы жайылымдық жер тапшылығы 2 млн. 122 мың гектар болды. Осы орайда ортақ жайылым көлемін биыл 1 млн. 15 мың гектарға ұлғайту жоспарланды. Оның ішінде жыл қорытындысы бойынша 333 мың га жер ортақ жайылымға қайтарылады, қалған 682 мың га-ға елді мекендердегі жайылым жүктемесін төмендету арқылу қол жеткізу жоспарлануда.
«Есепті кезеңде 102 мың гектар жайылымдық жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Жыл қорытындысы бойынша жоспар толығымен орындалады», — деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.
Сонымен қатар мал шаруашылығын дамыту аясында жайылымдық жерлерге түсетін жүктемені төмендету мақсатында басымдық мал бордақылау алаңдары мен тауарлы-сүт фермаларын ашуға берілуде. Бұл бағыттарда биыл бірқатар ірі инвестициялық жоба іске асырылатын болады. Атап айтқанда, мал бордақылау алаңдарының саны артады. Биыл 8 млрд. теңгеге сыйымдылығы 37 мың 350 басты құрайтын 10 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ 13 млрд. теңгеге 2 мың 380 басқа арналған тауарлы-сүт фермалары салынып, 139 жаңа жұмыс орнын ашуды жоспарланған.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының айтуынша, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында мал бордақылау бағыты бойынша 695 млн. теңгеге 157 жоба, тауарлы-сүт фермалары бағыты бойынша 788 млн. теңгеге 170 жоба мақұлданды. «Мал шаруашылығын дамыту үшін барлық шара қабылданып жатыр. Бұл бағыттағы мәселелер – тұрақты бақылауда», — деді өңір басшысы.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл «Ауыл аманаты» жобасы іске асырылуда. Республикалық бюджеттен облысқа 20 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді. Пилоттық жобаға 64 ауылдық округ белгіленді. Жобаны іске асыру нәтижесінде 3 413 жаңа жұмыс орны ашылады, отбасылардың орташа табысы табысы 1,5 есеге өседі. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 30%-ға азайып, қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі 10%-ға ұлғаяды деп күтіліп отыр.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте Президент Үкімет пен атқарушы органдарға отандық өндірісті ұлғайту, азаматтардың нақты табысын арттыру, экономиканы әртараптандыру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, инвестиция тарту, инфрақұрылымды одан әрі дамыту жөнінде тапсырма берген болатын. Түркістан облысында осы бағытта қарқынды жұмыс жүруде. ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында Дархан Сатыбалды осы мәселелерге жеке-жеке тоқталды.
Облыста қолайлы бизнес климат қалыптасқан. Кәсіпкерлік субъектілерінің саны жыл сайын өсіп келеді. 5 жылда олардың саны 184 мыңға жетті. 5 жылда шығарылған өнім 11 есеге дейін өсіп, 1 трлн. теңгеден асты (2018 жылы — 130,9 млрд. теңге). «Кәсіпкерлікті дамытудың» ұлттық жобасы шеңберінде өткен жылы бизнес субъектілері 46 млрд. теңгеге жеңілдетілген несиемен қамтамасыз етілді. Өз ісін бастауға ынталы азаматтарға «Түркістан» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» арқылы өткен жылы 22 336 қызмет түрі тегін көрсетілді.
– Түркістан қаласын рухани астана ретінде дамыту бастамасы негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемінің өсуіне ықпал етті. 5 жылда инвестиция көлемі 3 есеге артып, облыс экономикасына жалпы 3 трлн. теңгедей инвестиция тартылды. Негізгі капиталға бағытталған инвестицияның басым бөлігі жеке инвестицияға тиесілі. 5 жылда облысқа салынған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 2 млрд. АҚШ долларын құрады. Жалпы сомасы 422 млрд. теңгеге 133 инвестициялық жоба іске асырылып, 9 347 жұмыс орны құрылды, – деді Дархан Сатыбалды.
Ауыл шаруашылығы – еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің негізгі салаларының бірі. Оның үлесіне ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің шамамен 40%-ы тиесілі. Жалпы саланың тұрақты қарқынмен дамып келе жатқанын талдау көрсетіп отыр. Малдың барлық түрінің саны тұрақты өсуде. Өткен 2022 жылдың өзінде ірі қара мал саны 4,2%-ға, қой 4,8%-ға, жылқы 10,5%-ға, түйе 6,5%-ға, құс 4%-ға өсті.Сонымен қатар мал шаруашылығын дамытудың сапалық көрсеткіштері де өсуде. Атап айтқанда, сауылатын сүт орта есеппен 4,7%-ға ұлғайды, сондай-ақ сойылған ет салмағы 8,6%-ға, тауықтардың жұмыртқа әкелу көрсеткіші 17,2%-ға өскен. 2022 жылдың қорытындысы бойынша мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 0,9%-ға ұлғайды, ал осы жылдың 5 айында өсім 3,6%-құрады.
Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында мал шаруашылығын субсидиялау тетігін одан әрі жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілді. Бақылаушы органдардың ескертулерін назарға ала отырып, субсидиялау қағидаларынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар нормалар алып тасталды. Қабылданған шаралар нәтижесінде елдегі эпизоотиялық ахуал тұрақтандырылды. Өткен жылы жұқпалы аурулар бойынша саламатсыз пункттер саны 13,5%-ға, ал осы жылдың 5 айында 2 еседен астам қысқарды. Мал шаруашылығының жанама өнімдерін, ең алдымен, былғары шикізаты мен жүнді өткізуге ынталандыру. Былғары шикізатының экспортын тежейтін фактор 1 тонна үшін 200 еуро мөлшеріндегі экспорттық баж болып отыр. Қазіргі уақытта ұсақ мал бойынша экспорттық баж толығымен алынып тасталды, ал ірі қара мал бойынша 100 еуроға дейін төмендетілді.
Селекциялық-асыл тұқымдық жұмысты, ең алдымен, геномдық талдау және математикалық модельдеу қағидаттарына негізделген жануарлардың асыл тұқымдық құндылығын бағалаудың заманауи әдістерін өндіріске енгізу бөлігінде жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілуде. Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, оны іске асыруға биыл асыл тұқымды жануарларды индекстік және геномдық бағалауды енгізуді, асыл тұқымды малдың шығу тегі туралы нақты ақпарат беруге мүмкіндік беретін молекулалық-генетикалық сараптама жүргізу тәртібін регламенттеуді көздейтін 16 нормативтік-құқықтық акт қабылданды.
Азық өндіруді одан әрі дамыту. Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, бүгінде ірі азықпен қамтамасыз ету 80%, шырынды азықпен қамтамасыз ету 60%, құнарландырылған азықпен қамтамасыз ету 50%-ды құрайды, дегенмен мал шаруашылығының тұрақты дамуы үшін толық қамтамасыз етуден басқа, азықтың сақтандыру қоры да болуы керек екені белгілі. Осы мәселені шешу үшін қабылданған Азық өндіру саласын дамыту жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған жол картасы жергілікті жерлерде тиісті деңгейде іске асырылмайды. Жергілікті атқарушы органдар ауыспалы егістегі, бірінші кезекте суармалы жерлерде азықтық дақылдар үлесін кеңейту, жерді жалға алу шарттары аясында жер пайдаланушыларға қойылатын талаптарды қатаңдату есебінен жайылымдық алқаптарды үстірт және түбегейлі жақсарту және жайылымдар айналымын енгізу жолымен жайылымдық алқаптардың өнімділігін арттыру бойынша бар мүмкіндіктерді толық көлемде пайдаланбайды.
Айта кеткен жөн, «Ауыл аманаты» жобасы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2022 жылдың 26 қарашасындағы №1 «ҚР ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Жарлығы негізінде бастау алды. Өткен жылы жаңа бағдарламаны ауыл тұрғындары арасында кеңінен насихаттау, түсіндіру жұмыстары жан-жақты жүргізілді. «Amanat» партиясы жанынан арнайы құрылған мобильді топтар барлық дерлік өңірді аралап шығып, елді мекендердің 250 мыңнан астам тұрғынына «Ауыл аманаты» жобасын кеңінен таныстырды. Оның ішінде ең шалғай деген ауылдардың тұрғындары да қамтылды. Бапталған бағдарламаның басты шарттарымен тыңғылықты таныстыру және бүгінге дейін атқарылған жұмыстарға шолу жасау мақсатында жүргізілген жоба аясында ауыл тұрғындары өз кәсіптерін ашуға немесе бұрынғы ісін кеңейтуге қажетті түрлі ақпараттарға молынан қанықты.
Жыл басында өткен жобаға жол ашып берген алқалы жиында «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов: «Бұл – ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға, проблемаларын жедел шешуге, ауылдарды көтеруге мүмкіндік беретін нақты қадам. Жобаны пилоттық іске қосу қорытындысы бойынша Жамбыл облысының 11 ауылдық округінде ауылдардағы орташа айлық табыс 1,7 есе өсті, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 3 есе азайды, жұмыссыздық деңгейі 36%-ға төмендеді. Үкімет пен «Amanat» партиясының міндеті – «Ауыл аманаты» жобасын бүкіл елге масштабтау. Жобаның барлық артықшылықтары туралы халықты дұрыс ақпараттандыру аса маңызды», деген еді.