23 оқу ұйымы оларға 3 ай бойы білім беріп, техникалық және кәсіптік сала мамандықтарына даярлайды. Оқу сәтті аяқталған соң бітірушілерге сертификат табысталып, кемінде 12 ай мерзімге тұрақты жұмыс орнына орналасады, деп хабарлайды newsroom.kz.
Мәселен, «Профессионал» оқу орталығында бүгінгі таңда 147 адам түрлі мамандықтар бойынша кәсіптік білім алуда. Аптасына 6 күн, 4 сағаттан оқытады. Былтыр аталмыш оқу ұйымы 104 адамды оқытып, жұмыспен қамтыған. Қазір осында шаштараз кәсібін үйреніп жүрген Маржан Нұрмахан білім алып, шеберлігін шыңдаған соң, жеке әсемдік салонын ашқысы келетіндігін айтады.
Жалпы, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында жүзеге асырылуда. Мекемелерден көбінесе техникалық және кәсіптік сала мамандарына сұраныс көп түскен. Еңбек нарығында әсіресе автомобиль жөндеу –дәнекерлеушісі, байланыс желілерінің электриктері, жол-құрылыс көлігінің машинисі, кең бейінді құрылыс жұмыстарының шебері мен компьютер және аппаратық құралдарының операторы, кәсіби шаштараз және тігінші, көкөніс өсіруші мен мерчендайзарлер секілді мамандық иелерінің тапшылығы байқалады.
Оқуға 18 жастан зейнет жасына дейінгі, жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, Шымкент қаласында тұрақты тіркеуде тұрған жұмыссыз азаматтар қатыса алады. Үміткердің мүгедектігі болған жағдайда, мүгедектікті оңалтудың жеке бағдарламасында (ИПР) жұмысқа қабілеттілігіне дәрігердің рұқсаты болуы қажет. Білім алушыларға сондай-ақ ай сайын 20 948 теңге шәкіртақы мен 2 АЕК, яғни 6900 теңгеден бір реттік материалды көмек төленеді.
Сала мамандарының айтуынша, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту онлайн платформа арқылы да жүзеге асырылады. https://skills.enbek.kz/ сайты арқылы бүгінгі таңға 2 жарым мыңнан астам азамат онлайн білім алған.
Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы» Даму «Кәсіпкерлікті Дамыту Қоры» АҚ 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасының қаржы операторы болып табылады және кәсіпкерлік субъектілерін қолдауды мынадай жолдармен жүзеге асырады:
- шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру;
- кәсіпкерлердің/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің Екінші деңгейдегі банктер/лизингтік компаниялар берген кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және ішінара кепілдік беру;
- купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша кепілдік беру қағидаттарына негізделеді.
- кәсіпкерлік субъектілерін ислам банктері қаржыландырған кезде ислам банктерінің табысын құрайтын жалдау төлемінің бір бөлігін және тауарға үстеме бағаның бір бөлігін субсидиялау;
- әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін субсидиялау.