Түркістан облысында балық аулаудан сайыс өтті

Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, Алматы облысының «Балық мектеп» ЖШС, Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы және облыстың тауарлы балық өсірушілерінің ұйымдастыруымен балық аулаудан сайыс өтті.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бұл шараның мақсаты – еліміздің балық шаруашылығын дамыту, осы бағытта жаңадан кәсіп бастаймын дегендерге ынталандыру, облыстағы әуесқойлық және спорттық мақсаттағы балық аулауды дамыту және де Түлкібас ауданында орналасқан Састөбе көлін балықтандыру, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Сайысқа төрелік жасаған мамандар қатысушылардың жарыс ережелерін қатаң сақтап, әділ өтуіне атсалысты.

Балық аулау спортында өзара мықты қатысушыларды анықтау мақсатында Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Көлкент демалыс аймағындағы сайысқа облыстан келген Жетісай мен Сарыағаш, Түлкібас аудандарынан келген әуесқой балықшылар қатысты.

Жарыс соңында қармаққа іліккен балықтың салмағы мен өлшеміне қарай қазылар алқасы жүлделі орындарды белгіледі. Сайыстың қорытындысы бойынша қарсыластарына қарағанда қысқа уақыттың ішінде 3,5 келі балық аулап үлгерген Бекзат Қыпшақбаев жеңімпаз атанып, бірінші орынға ие болды. Ал Бекжан Ерменов бір келі балық аулап, екінші орынға ілікті. Нұрдос Қарынбаев 800 грамм балық аулап, үшінші орынды қанағат тұтты.

Сайыс соңында жеңімпаздар ұйымдастырушылардың арнайы дипломдарымен, қаржылай сыйлықтарымен марапатталды.

Айта кетейік, әуесқойлық (спорттық) балық аулау – бір-бірлеп аулауға мүмкіндік беретін аулау құралдарымен жүзеге асырылатын аулап алынған өнімді жеке тұтыну үшін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау бекітіліп берілген және бекітіліп берілмеген (резервтік қорда) балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерінде өткізіледі Резервтік қорда әуесқойлық (спорттық) балық аулау бір балықшыға бір шыққанда 5 килограммға дейін ақысыз қандайда бір рұқсатсыз жүзеге асырылады. 5 килограммнан аса аулаған кезде аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесінен рұқсатты жазбаша өтініш бойынша алуы қажет. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау – спорттық және эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру, спорттық жарыстар өткізу мақсатында, сондай-ақ аулау құралдарын жеке-дара ғана аулауға мүмкіндік беретін аулау құралдарымен жүзеге асырылатын, ауланған өнімді жеке тұтыну үшін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жүктелуде...