Болат Назарбаевты ақтық сапарға шығарып салды
Шамалған ауылында Болат Назарбаевтың жаназасы өтті, деп хабарлайды newsroom.kz порталы El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Жерлеу рәсіміне марқұмның үлкен ағасы Нұрсұлтан Назарбаев, әпкесі Анипа Назарбаева, Алматы облысының бұрынғы әкімі Амандық Баталов, Антикордың бұрынғы төрағасы Алик Шпекбаев және басқалар қатысты.
Қоштасу рәсіміне премьер-министр Әлихан Смайылов та қатысты, осыған байланысты Үкіметтің дәстүрлі отырысы ертеңге ауыстырылды.
Рәсімде Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлеп, інісі Болат Назарбаевтың жасаған жақсылықтары туралы сөз қозғады. Сондай-ақ Үкімет басшысы Әлихан Смайылов сөз сөйлеген.
Жаназаға 300-дей адам жиналған. Рәсімге келгендерді полиция қызметкерлері қатаң тексеріктен өткізіп жіберіп жатқаны белгілі болды.
Айта кетейік, 13 қарашада Болат Назарбаевтың қайтыс болғаны белгілі болды.