Қылмыс

Таразда жүкті әйелдің басына бағдаршам құлады

Таразда әйел адамға көлік соғып құлатқан бағдаршам құлап кеткен, - деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Бейнебақылау камерасына түсіп қалған бұл оқиға, қаланың үлкен көшелерінің бірінде болған. 21 жастағы әйел жолдан өтпек болып, бағдаршамның жасыл түсі жанғанын күткен. Осы кезде көлік бағдаршамға жоғары жылдамдықпен келіп соғылған, ал бағдаршам жүкті әйелдің басына құлаған. Соққының күшті болғаны сонша, әйел құлап, есін жоғалтқан. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткенімен, полиция оны тапқан. Көлік айыптұраққа жеткізіліп, ал ер адамға бірден екі айыппұл салынды.

 Басынан ауыр соққы алған әйел ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.