weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
10 қараша, 2023 / Рысжан Амантай / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Оңтүстік Кореяда робот адам өлтірді

Робот адамды көкөніс салатын қораппен шатастырып өлтіріп алды

Оңтүстік Кореяда робот адам өлтірді
фото: Yonhap

Оңтүстік Кореяда робот ер адамды көкөніс салынған қораппен шатастырып, оны көтеріп конвейерлік таспаға жақындатып, беті мен кеудесін езіп жіберген,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

40 жастағы қызметкерді дереу ауруханаға жеткізгенімен, оны аман алып қала алмады.

Қайғылы жағдай Кенсан-Намдо ауданындағы бұрыш сорттау зауытында болған. Ер адам 8 қарашаға жоспарланған тестілеу алдында робот жұмысын тексеріп жатып, қайғылы жағдайға тап болады. Бұрыш салынған жәшікті көтеріп, паллетке қоюы керек робот адамды көтеріп, жаншып тастайды. Алғашында 6 қарашаға жоспарланған тестілеу, роботта қиындықтар туындағасын кейінге қалдырылған көрінеді.

Зауыт иесі – Donggoseong ауылшаруашылық кешенінің ресми өкілі «нақты әрі қауіпсіз» жүйе жасауға шақырды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→