Қылмыс

Кім екенімді білесің бе? Қостанай облысында әкім шу шығарды

"Менің кім екенімді білесің бе?"- деген қорқыту сөздерімен Б.Майлин ауданының Новоильинов ауылдық округінің әкімі сағат 23.00-ден кейін алкоголь сатып алған,- деп хабаралайды newsroom.kz порталы Қостанай жаңалықтарына сілтеме жасап.

Полиция бұл істі тергеу үстінде.

Бейнебақылау камераларының жазбасына сәйкес, ер адам мен оның жолдасы ауылдық азық-түлік дүкенінен кешкі 11-ден кейін алкоголь сатып алуға тырысқан. Алдымен, сатушы келіспей, бас тартқан. Бейнежазбадан Новоильиновка ауылдық округінің әкімі өзінің досын Тобыл әкімінің орынбасары ретінде таныстырып, оған алкоголь сатуын талап ете бастағаны естіледі.

"Маған оның телефон нөмірін беріңіз. Мен қазір 6 секундта шешіп тастаймын", - деді әкім.

Бұл дүкен иесі туралы болғаны анық. Қоқан-лоққылардан кейін дүкенші әйел оған алкогольді сатқан. 

ПД бұл жағдайға мәлімдеме жасады:

"Бейімбет Майлин ауданының полиция бөлімінде ҚР ӘҚБтК 434-бабы "ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік іс қозғалды. Шешімді әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі сот қабылдайды. 20 АЕК (69000 теңге) мөлшерінде айыппұл немесе 5-тен 15 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу көзделеді."