Қылмыс

Сұмдық! Қостанайда әйел адам өлі табылды

Қостанай ауданында әйел адам өлі табылып, тәртіп сақшылары күйеуінен күдіктенген, деп жазады newsroom.kz Қостанай жаңалықтарына сілтеме жасай отырып.
Ерлі – зайыптылардың екеуі де полиция қызметкерлері. Полиция департаментінің хабарлауынша, полицейлер мәйітті 1 қараша күні таңертең күйеуі мен әйелі тұрған үйдің ауласынан тапқан.

Сондай – ақ, отбасындағы қарым-қатынас та шиеленісіп, ерлі-зайыптылар ажырасу процесін күтіп жүрген екен.

— "Кісі өлтіру"бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыс жасады деген күдікпен 25 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Сараптама тағайындалды, болған оқиғаның мән — жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, - деп хабарлады ведомстводан.
 

Марқұм анасының артында екі баласы қалды. Қылмыстық істі тергеу ішкі істер министрлігінің бақылауына алынды.