Жаңалықтар

Тұман, қар, жаңбыр: 2 қарашада ауа райы қандай болмақ?

"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы үш күнде – 2023 жылғы 3 қараша аралығында Астана, Алматы және Шымкентте күн райы қандай болатынын айтты, деп хабарлады newsroom.kz.

Астанада:

2 қараша – көшпелі бұлтты, өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде 0-2°C, күндіз +6+8°C;

Алматыда:

2 қараша – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 0 -5 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +2+4°С, күндіз +13+15°С;

Шымкентте:

2 қараша – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +17+19°С;