ВТБ банкінде жаңа депозиттік «Кірісті Плюс» желісі ашылды,- деп хабарлайды newsroom.kz.
Капиталдандырылған жаңа өнім бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 17,8 пайызды құрайды. Депозитті банктің кез келген бөлімшесінде ашуға болады.
«Кірісті Плюс» салымының ең төменгі сомасы – 100 мың теңген. Депозитті кез келген уақытта толтыруға болады. Депозиттегі ақшаны бөліп алу қарастырылмаған. Орналастыру мерзімі – 3 айдан 36 айға дейін. Салым автоматты түрде ұзартыла береді.
Қазақстандағы ВТБ Банкінің Бөлшек бизнес департаментінің директоры Мария Блбулян – «Біз жоғары мөлшерлемені және қосымша жарналар мүмкіндігін біріктіретін өнімге клиенттік сұраныстың жоғары екенін көрдік. Сонымен қатар, «Кірісті плюс» депозитінен үш жылға дейін және нарықтағы мөлшерлемелердің өзгеруінен қорықпай, жоғары кірісті алуға болады. Жаңа депозиттің пайда болуымен біз «Кірісті» және «Кірісті Плюс» салымдарының үлесі банктің депозиттік портфелінің жартысынан астамын алады деп есептейміз», – деп түсіндірді ол.
ВТБ (Қазақстан) банкінің салымдарына орналастырылған қаражат «Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорымен» сақтандырылған. Кепілдік мөлшері – 20 млн теңгеге дейін.
Тегін кеңес беру нөмірі – 5050.