Шоубиз

150 млн! Қайрат Әділгерей жаңа қонысын көрсетті

Танымал әртіс, әзілкеш Қайрат Әділгерей әлеуметтік желісінде жаңа қонысын көрсетті,- деп хабарлайды newsroom.kz.

Сәуір айында 4 бөлмелі пәтер алған әртіс әлеуметтік желісіне үйін толықтай көрсетті. Анна Данченконың ақпаратына сүйенсек, Қайрат Әділгерей үйін 150 млн-ға алыпты.

"Біздің жаңа қонысымыз. Бұл үйімізде ойымыздағы көп идеяны жүзеге асырдық. Жылы, атмосферасы жайлы, сапасы мен көркемділігі үйлескен жоба боп шықты. Баршаңызға жұғысты болсын, - деп жазды Қайрат Әділгерей".

Желі қолданушылары әзілкешті жаңа қонысымен құттықтап, лебіздерін білдірді. "Құтты болсын, қанша еңбекпен келген қоныс", "Барша қазаққа жұғысты болсын", деген пікірлерін жазып, жаңа қонысқа өз таңданыстарын жеткізді.