Қазақстанда автобустар паркінің үштен бірі неге жарамсыз?

Елде қанша автобустар паркі бар?

Фото: gov.kz

Биыл сегіз айдың қорытындысы бойынша, Қазақстанның автобус паркі 105,5 мыңға жетті. 2022 жылдың қыркүйек айының басымен салыстырғанда өсім 27,2%,-деп хабарлайды  newsroom.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Тасымалдаушылар паркінің ұлғаюы екінші жыл қатарынан байқалуда. Соңғы бірнеше жылда — 2018–2021 жылдар аралығында елімізде мұндай көліктер санының қысқаруы байқалды.

Жалпы, қазақстандық автобус паркін ескірген деп атауға болады. Барлық автобустардың 35,9%-ы (немесе 37,9 мыңы) 20 жылдан ескі, тағы 40,4 мың дана арнайы көлік (38,3%) 10–20 жыл бойы жолаушылар тасымалдап келеді. Тек 7,8 мың көлікке әлі үш жыл толмаған. Елдегі жалпы автобус паркіндегі жаңа автобустардың үлесі аз: бар болғаны 7,4%. 

Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,7 пайыздық тармаққа төмендеді. Ал бұл Қазақстанда автобус шығаратын отандық кәсіпорындар — Сарандағы QazTehna, Семейдегі «СемАЗ» және Алматыдағы Hyundai Trans Almaty бар екеніне қарамастан.

Яғни, 10 жылдан асқан жолаушыларды тасымалдауға арналған арнайы техниканың жалпы үлесі биыл 1 қыркүйекте 74,4% болды. Бұл былтырғымен салыстырғанда көп. Бір қызығы, автобустар саны бойынша жаңа статистикалық рекордқа ескі автобустар жетіп отыр. Биыл қосымша тіркелген 22,5 мың көліктің жартысына жуығы — 12,1 мың көлік 20 жылдан ескі болса, тағы 5,8 мың автобус 10–20 жыл бойы жұмыс істеп тұр.

Былтыр ақпанда Қазақстанда 10 жылдан асқан автобустарды бастапқы тіркеуге тыйым салатын «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң күшіне енді. Бұл кем дегенде он жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан жолаушылар тасымалы үшін пайдаланылған арнайы техниканы енді елге әкелу мүмкін емес дегенді білдіреді. Бірақ нарықтағы сауданың негізгі бөлігі осы ескі автобустарға қатысты. Мәселен, биыл тамызда тіркелген автобустардың 51,9%-ы 10 жылдан ескі болса, салыстырмалы түрде жаңа техниканың үлесі аз болды: бар болғаны 7,6%.

 

Жүктелуде...