Қазақстанның қай қалаларында ауа лас болады?

Еліміздің 3 қаласында ауаның ластану деңгейі жоғары болатыны ескертілді

Фото: qazaqstan.tv

Еліміздің үш қаласында ауаның ластану деңгейі жоғарылайтыны болжанды, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Синоптиктер болжауынша, сәрсенбі, 1 қарашада Атырау, Шымкент және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Жүктелуде...