"Қорғас халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының" аумағында сауықтыру кешені мен қонақ үйдің атын жамылып притондар мен жерасты казинолары жұмыс істеген,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қорғастағы әр нысан тәулік бойы жұмыс істеп, күзетшісіне дейін болған көрінеді. Қатаң фэйс-бақылау жүргізіп, адам қабылдаған қылмыскерлер негізінен шетелдік азаматтарға қызмет көрсеткен көрінеді. Сондай-ақ, жоғары жалақы төленеді деп қазақстандық қыздарды құлдықта ұстап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.
Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және Жетісу облысы ҰҚКД бесінші басқармасының қызметкерлері бес негізгі фигурантты ұстаған, екеуі шетелдік екені белгілі болды.
"Жетісу облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және ҰҚКД 5 басқармасының қызметкерлері прокуратурамен келісе отырып, бес негізгі фигурантты, оның ішінде екі шетелдік азаматты ұстады. Сондай-ақ интимдік қызмет көрсетумен айналысатын 18 жастан 36 жасқа дейінгі жалпы 21 адам жеткізілді, оның ішінде 6 шетелдік әйел. Тінту іс-шараларының нәтижелері бойынша ақша, ойын автоматтары, покер үстелдері және басқа да заттай дәлелдемелер алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Жетісу облысының полиция департаментімен жүргізіледі, – деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс."