Экс-депутат қамауға алынды

Сәния Мұратоваға қатысты жанжал шықты

фото: инстаграм желісінен

Ақтөбе қалалық мәслихатының экс-депутаты Сәния Мұратова 15 тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Әкімшілік соттың 2023 жылғы 26 қазандағы қаулысын орындау мақсатында Сәния Мұратова 15 тәулікке Ақтөбе қаласындағы әкімшілік қамауға алынғандарға арналған арнайы ұстау изоляторына қамалды", - делінген облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін мас күйде көлік жүргізгені үшін сот оны 15 тәулікке қамауға алуды және жеті жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айыруды ұйғарған көрінеді. Сотта полиция инспекторы Нұржас Мүсіреп бір ай бойы полиция Мұратованың қайда екенін анықтай алмағанын айтты. Сондықтан істі қарап жатқан судья 53 жастағы экс-депутаттың қатысуынсыз шешімді оқыды.

Жүктелуде...