Жаңалықтар

“Аяқ киімімді шешеді, қолымнан сүйеді” М.Амантаев әйелі туралы айтты

Жақында ғана желіні сабақ беру әдісімен таң қалдырған Мұхит Амантаев жанұясындағы әйелінің рөлінде тілге тиек етті,- деп хабарлайды newsroom.kz.

Журналист Айгерім Сейфоллаға берген сұхбатында бапкер, үйінің берекесі әйелінде екенін айтты.

“Үйге барғанда өзімді бақытты сезінемін, шүкір. Өйткені әйелім үйде мені қалай күтіп алады? Кірген кезде жүгіріп келеді, аяғымды шешеді, киімімді шешеді, қолымнан сүйеді. Ыстық суым дайын. Тұзды суға аяғымды салып жібереді. Тамағым дайын. Қайда барасың, не істеп жатсың деп сұрамайды. Миым тыныш. Күніге аяқ-қолыма массаж жасайды,- деп әйелінің күтімімен бөлісті.

Ерекше әдіспен сабақ берген бапкердің, әйелінің кәсібі де, жұмысы да - өзі көрінеді.

“Әйелім үшін бәрін жасаймын. Ол кісінің қарны тоқ, сұрағанын алып беремін. Жұмыс істемейді. Балаларды қарайды. Жұмысы сол оның. Кәсібі де, жұмысы да менмін. Ол тек қана мені қалайды”,- дейді Мұхит Амантаев.