АҚШ Елшісі Республика күнімен қалай құттықтады?

Республика күнімен АҚШ Елшісі құттықтады

Егемен қазақстан

Қазақстандықтарды бүгінгі Республика күнімен АҚШ Елшісі құттықтады,- деп хабарлады newsroom.kz порталы сілтеме жасаған usin.kz 

Осыдан 33 жыл бұрын  Қазақстан егемендігін жариялап, тәуелсіздік пен жарқын болашақтың даңғыл жолына беттеді. Осы атаулы күн қарсаңында егемендіктің іргетасын қалаған Қазақстанның кейбір ұлы ерлері мен әйелдері туралы зерттеп, оларды тануға уақытымды арнаймын деп ойладым. Олардың есімдері көше маңдайшалары мен ескерткіштерге қазықтай қағылған. Егемен, тәуелсіз және заманауи Қазақстан құруға үлес қосқан адамдарды есімізге түсірейік. 

Менің соңымнан еріңіз! 

Міне, біз Міржақып Дулатов көшеінде тұрмыз. Міржақып Дулатов- қазіргі қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы, XXғасыр басындағы Алаш ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі. Оның «Оян қазақ!» атты алғашқы өлеңдер жинағы бүгін қазақ әдебиетінің аса маңызды туындыларының бірі болып қала бермек. Міне, біз Шара Жиенқұлова көшесінде тұрмыз. Шара көзі тірісінде «би ханшайымы» ретінде аңызға айналды. Келер ұрпаққа қазақ ұлттық биінің негізін қалады. Жазушы Мұхтар Әуезов туралы бір дерек айтар болсақ, ол- Америка Құрама Штаттары алмасу бағдарламасының Қазақстаннан қатысқан алғашқы түлегі. Ол бір ай бойы Нью-Йорк, Вашингтон, Аризона және Калифорния штаттарын аралап, көрген білгенін «Америка әсерлері» атты қолжазбасына түсіреді.

Жүктелуде...