Елорда

Аймағамбетов оқытушылар айлығының 40 пайызға артатынын айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЖОО-лардың профессор оқытушылық құрамының жалақысын көтеру бойынша Үкіметке бірнеше тапсырма берді,- деп хабарлайды newsroom.kz .

"Оқытушыларлың жалақысын арттыру үшін, бюджеттен әр грантқа бөлінетін қаражат көлемін көбейту керек.

Сондықтан түзетулерімізге байланысты Комитеттің депутаттары магистратурада оқу бойынша бюджеттен университеттерге төленетін гранттың құнын еселеп көбейтуді, ал бакалавриаттың соммасын тиісті пайызға өсіру бойынша қаражат бөлу туралы нақты ұсынысты заң жобасына берді.

Аталған шешімдер бойынша соңғы нүкте Мәжілістің жалпы отырысында қойылады.

Бұл қадамдар оқытушылардың жалақысын 40% дейін көтеруге мүмкіндік береді.",- делінген хабарламада.