weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
24 қазан, 2023 / Рысжан Амантай / Елорда
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Аймағамбетов оқытушылар айлығының 40 пайызға артатынын айтты

Әлеуметтік-мәдени даму комитеті университет оқытушыларының жалақысын көтеру бойынша республикалық бюджеттің жобасына арнайы түзетулерді ұсынды.

Аймағамбетов оқытушылар айлығының 40 пайызға артатынын айтты
фото: хабар 24

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЖОО-лардың профессор оқытушылық құрамының жалақысын көтеру бойынша Үкіметке бірнеше тапсырма берді,- деп хабарлайды newsroom.kz .

"Оқытушыларлың жалақысын арттыру үшін, бюджеттен әр грантқа бөлінетін қаражат көлемін көбейту керек.

Сондықтан түзетулерімізге байланысты Комитеттің депутаттары магистратурада оқу бойынша бюджеттен университеттерге төленетін гранттың құнын еселеп көбейтуді, ал бакалавриаттың соммасын тиісті пайызға өсіру бойынша қаражат бөлу туралы нақты ұсынысты заң жобасына берді.

Аталған шешімдер бойынша соңғы нүкте Мәжілістің жалпы отырысында қойылады.

Бұл қадамдар оқытушылардың жалақысын 40% дейін көтеруге мүмкіндік береді.",- делінген хабарламада.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→