weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
24 қазан, 2023 / Рысжан Амантай / Елорда
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Димаш Құдайберген Қазақстанның халық әртісі атанды

«Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағымен бір топ өнерпаз марапатталды

Димаш Құдайберген Қазақстанның халық әртісі атанды
Фото: ғаламтор желісінен

Биылдан бастап қайта беріле бастаған «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағымен бір топ өнерпаз марапатталды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Солардың қатарында «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағын иеленген тұлғалар да бар.

Сонымен  «Қазақстанның халық әртісі» атағы биыл еліміздің көрнекті мәдениет қайраткерлері, театр және кино актерлері Д.Ахимовқа, М.Токарев пен Д.Ақмолдаға, опера әншілері Ш.Әбілов пен Т.Күзенбаевқа, атақты әншілер Р.Стамғазиевке, Д.Құдайбергенге және күйші А.Үлкенбаеваға берілді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→