Адамбай Макаревич Андрейді Қазақстанға келмесін депті

Шоумен Нұртас Адамбаев Алматыда өтетін ресейлік музыкант Макаревичтің концертіне қарсы.

Қазақстандық "жұлдыз" әншінің қазіргі араб-израиль қақтығысында Израиль армиясын көпшілік алдында қолдағанына ашуландырды, деп newsroom.kz хабарлайды  Нұртас Адамбайдың Instagram парақшасына сілтеме жасай отырып.

"Андрей Макаревич өзінің Instagram парақшасында Израиль армиясына сәттілік тілейді. Сәттілік неде? Палестинаның бейбіт тұрғындарын өлтіруде?"- деп жазады  шоумен.

Нұртас Адамбаев осыған байланысты  Қазақстандағы концерттерін тоқтатуға шақырды. Оның деректері бойынша ең жақында өтілетіні Алматыда 1 желтоқсанға жоспарланған.

Бұл жазбаға оқырмандардың пікірі де қалыс емес. Андрей Макаревичтің ойына түгел қарсылық білдіріп, соғыс қай мемлекетте болса да, ұлтқа, дінге бөлінбей зардап шегуші қарапайым халыққа қолдау білдіруді алға қоюда.

Сонымен қатар Нұртас Адамбай өз парақшасына Палестина мемлекетінің туын аваға қоюға барлық адамдарды шақыруда. Яғни, тым болмаса осы арқылы қолдауымыздың басы болсын деген оймен. 

Ел боламын десең достас, қор болам десең қастас.

 

Жүктелуде...