Кадрлар

Қазақстанның жаңа Елшілері тағайындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен елдегі Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшілері ауысты, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

"Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Сержан Оралбайұлы Әбдікәрімов Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Тимур Владимирұлы Пірімбетов Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;

Дәурен Айтбайұлы Кәріпов Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды",- делінген хабарламада.