Жапонияны жеңдік! Пара дзюдодан белдесу басталды

Ханчжоуда пара олимпиада ойындары басталды

Фото: Нұрғали Жұмағазы

Бұл туралы newsroom.kz порталы Қазақстандық пара дзюдо федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.
Пара дзюдодан Ханжчоу қаласында ұлттық құрама спортшылары белдесуді бастап кетті.

Пара дзюдодан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Ақмарал Науатбек алғашқы белдесуін Жапония спортшысы Иши Аюмиді 10 - 0 есебімен жеңді. Айта кетейік, Отандық жерлесіміз j 2 классында 48 кг салмақта өнер көрсетуде.

Кеше 22 қазанда Ханчжоу қаласында пара ойындардың ашылу салтанаты өтіп, бүгін ресми түрде басталды.

Жүктелуде...