Депутат не істей алатынымызды сұрады? Біз не істейміз ал?

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршиннің жазбасы қызу талқылануда

Фото: ашық дереккөздерінен

БІЗ, ОСЫ НЕ ІСТЕЙ АЛАМЫЗ? - деп әлеуметтік желіге жазба жариялаған Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршиннің жазбасы қызу талқылануда. Басқа-басқа депутат не істей алатынымызды сұраса, өзгеміз қайттік? Не істей алатынын әбден ойланған newsroom.kz порталы тек бұл жазбаны толықтай жариялай алды. Басқа ештеңе істей алмады. 

"Ал Сіз не істейсіз, қымбатты оқырман?

Адамды емдей алмасақ?
Киноны түсіре алмасақ?
Сапалы білімді бере алмасақ?
Ғылымды дамыта алмасақ?
Ауылшаруашылықты келістіре алмасақ?
Киімді тіге алмасақ?
Энергетиканы реттей алмасақ?
Жолды сала алмасақ?
Суды үнемдей алмасақ?
Байлықты пайдалана алмасақ?
Машинаны жасай алмасақ?
Табиғатты таза ұстай алмасақ?
Дінді түсіне алмасақ?
Дананы бағалай алмасақ?
Баланы тәрбиелей алмасақ?
Жақсыны қадірлей алмасақ?
Жаманды ажырата алмасақ?
Тентекті тия алмасақ?
Тілді құрметтей алмасақ?
Ұлы тарихымызды түсіне алмасақ?
Ел болып біріге алмасақ? 
Ең азы әуежайды басқара алмасақ?

Сонда, қолымыздан не келеді, ағайын?!" (с) Еділ Жаңбыршин

Жүктелуде...