Медицина

Иммунитетті көтерудің қарапайым 3 әдісі

Күн райы құбылмалы уақытта денсаулығымызды күтіп, салауатты өмір салтын ұстанғанымыз абзал. Сол себептен, newsroom.kz порталы ұсынған кеңестерді назарларыңызға ұсынамыз.

1. Иммунитеттің нығаюы дұрыс тамақтануға байланысты екенін бәріміз де білеміз. Тамақтану рационын дұрыс жасай білсек, белгілі бір тағамдардың көмегімен суық тиюден сауығып кетуге болады. Мәселен, ақуыздың және ағза үшін маңызды басқа да элементтердің жеткілікті мөлшері болуы өте маңызды.

Аса қажетті дәрумендер:

С дәрумені – иммунитеттің жоғарылауына әсер етеді: цитрустар, орамжапырақтар, болгар бұрышы, мұздатылған қарақат, мүкжидек құрамында бар.

А дәрумені – шырышты қабықтарды зиянды бактериялардан қорғайды, қабынуды жояды, ас қорытуды жақсартады: қызыл бұрыш, сәбіз, ақжелкен, құрма, балық майы құрамында бар.

В дәрумені – жүрек-қантамыр жүйесін, орталық жүйке жүйесін және бауырдың жұмысын нығайтады: ет, балық, теңіз өнімдері, сүт өнімдері және жұмыртқа құрамында бар.

Жоғарыда аталғандардан бөлек, қысқы рационға мына өнімдерді міндетті түрде қосыңыз:

сарымсақ;

пияз;

ашытылған қырыққабат;

асқабақ;

дәруменді шай;

бал;

бүлдірген;

кептірілген жемістер (өрік, мейіз, т.б.);

саңырауқұлақ.

Бір компонент басым боп кетпеу үшін мәзір жасап алу керек. Тек бір дәруменге немесе минералға бай өнімдерге артықшылық бермеңіз.

Күн сайынғы дене жаттығулары мен шынығу қыста иммунитетіңіздің күшті болатынына кепілдік береді:

Таңертең 10 минут дене жаттығуын жасау керек;

Фитнес орталықтары, бассейндер, қысқы спорт түрлері – денені сауықтырудың ең жақсы тәсілі;

Күнделікті жүгіру – суық тиюден қорғап, өзіңе деген сенімділікті арттырады;

Бөлмені бірнеше сағат сайын желдетіп тұру керек;

Таза ауада неғұрлым жиі серуендеген сайын соғұрлым дене шыныға түседі. Оған дұрыс киім мен аяқ киім таңдау керек;

Ыстық моншаға түсіп, денені буландыру иммунитетті нығайтады;

Таңертең контрасты душ қабылдау да өте пайдалы;

Суға хош иісті майлар немесе сығындылар қосып, ваннада ұзақ уақыт жатуға болады. Бұл ұйқыға дейін кем дегенде 2 сағат бұрын жасалуы керек.