Жаңалықтар

ДАИШ мүшесі болған АҚШ қазағы өмір бойына бас бостағынан айырылды

46 жастағы қазақстандық АҚШ-та өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы newsroom.kz порталы хабарлайды aikyn.kz сілтеме жасап. Қазақстаннан Нью-Йоркке көшіп, Америка азаматтығын алған Руслан Асаиновқа айып тағылды. Еске салсақ, 2019 жылы Асайынов Сирия-Ирак шекарасына жақын Багуз қаласында болған атыстан кейін Сирияда тұтқынға алынып, АҚШ Федералдық қауіпсіздік қызметіне тапсырылған. 

Нью-Йорктің Шығыс округінің федералды соты: 
"Үкім Асайыновты ДАИШ мүшесі кезінде жасаған қанды қырғынға кінәлі деп санайды. Сотталушы өз өмірін осы лаңкестік ұйымға арнады. Асайынов мырза отбасын және елін тастап, лаңкестермен бірге соғысып, басқаларды соған үйрету үшін кетті. Ол жасаған қылмысы үшін жауапқа тартылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды".