weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
18 қазан, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Түркияда қазақстандық әйел жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапты

13 қазан күні Алания қаласында 38 жасар қазақстандық жол апатынан көз жұмды.

Түркияда қазақстандық әйел жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапты
Tengrinews.kz

13 қазанда Алания қаласында жол апаты болып, 38 жастағы қазақстандық әйел қайтыс болғанын хабарлайды newsroom.kz порталы tengrinews.kz сілтеме жасап. 18 қазан күні сағат 18:00 қыздың мәйіті Қазақстанға жеткізілді.

Ағасы Бағдат Құлмағамбетовтың айтуынша, апат болған тас жол «өлім жолы» деп аталып үлгерген. Себебі осы уақытқа дейін бірнеше апат орын алған.

«Біздің жаяу жүргіншілер мәдениеті ол жерде жұмыс істемейді, бағдаршамның жасыл түсіне өтсеңіз де, бұл сіздің тірі қалуыңызға кепілдік емес... Түркияда қанша азаматымыз жол апатынан қаза тауып жатқанын ескере отырып, Сыртқы істер министрлігі мен Бас прокуратурадан біздің істің тергеуін бақылауға алуын сұраймыз», - деді көз жұмған әйелдің туыстары.
18 қазан күні сағат 18:00 қыздың мәйіті Қазақстанға жеткізілді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→