Қазақша сөйлеңдер! Желіні шулатқан бапкерді Парламентке шақырды

Әлеуметтік желілерде оқушыларын қазақша сөйлеуге міндеттеген бапкерді парламентке шақырды

Фото: әлеуметтік желі

Әлеуметтік желілерде "қазақша сөйлеңдер" деп шүйліккен Қазақ ММА Boxing клубының жетекшісі Мұхит Амантаев лезде танымалдыққа ие болды,- деп хабарлайды newsroom.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Бүгінде Мұхит Амантаев мәжіліс пен Сенат қабырғасындағы спорттық мәселелерді ортаға салып, талқылауға спикер ретінде қатысып жүр.

Жаттығуға барған балаларға "ана тіліңде тілдесу керек" деп ақыл айтып жатқан үзінді әлеуметтік желіде тез тарап, әлі де қызу талқыланып жүр.

Ал Мұхит Амантаевтың өзі бұлай ғана танымал болуды қаламапты.

Ол Парламент алдында журналистке жуық арада Олимпиада чемпонын шығармай қоймаймын деп айтқан көрінеді.

Жүктелуде...