Әлем

Газада бомба жарылысынан 800 адам қаза тапты

Бұған дейін Газа секторындағы ауруханаға Израиль әуе әскери күштері бомба тастағанын хабарлаған едік. 

Al Arabiya телеарнасы дәл қазір Газа ауруханасында сол бомбадан 800 адамның қайтыс болғанын жеткізді. 

Өлім құшқандардың барлығы бейбіт халық екендігін, арасында кішкентай бүлдіршінде де бар Газа Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Палестина президенті Махмуд Аббас құрбандар рухын еске алу үшін үш күндік аза тұту жариялап, жалауларды жартылай тігуді бұйырды.

Адамдар паналаған ауруханаға жасалған шабуылдың қайдан жасалғаны әзірге анықталған жоқ. Израильді қолдайтын бірқатар Telegram арналары зымыран Палестинаның радикалды ХАМАС қозғалысынан атылып, қателесіп құлап немесе жарылған болуы мүмкін деп болжайды.

Атап айтқанда, израильдік i24 телеарнасы жарылыс ХАМАС зымыранының сәтсіз ұшырылуы салдарынан болуы мүмкін деген теорияны келтіреді.