Бұл жер мәмбеттерге арналмаған

Bla Bla Bar Astana клубы барлық ақпаратты мемлекеттік тілде жазуға міндеттелді.

Заңгер Аржан Сәдуақас Bla Bla Astana клубымен соттасып, жеңіп шыққан. Бұл жөнінде newsroom.kz порталы  хабарлайды. Informburo.kz сілтеме жасап. Келіспеушіліктің туындау себебі демалыс орнында мемлекеттік тілде ақпараттың берілмеуі, клубқа ақы төлеп кіру мен алдын-ала "депозит" алу. Заңгердің айтуынша мұның бәрі заңсыз. 

Аржан Сәдуақас: 

“Тағы бір келгенімде менің намысыма тиген жағдай болды. Мен клуб әкімшілігіне "неге сіздерде қазақ тілінде мәзір жоқ? Неге қабырғадағы ақпараттың барлығы тек орыс тілінде жазылған? Мына жерге орысша түсінбейтін қазақтар келсе, сіздердің ережелеріңізді түсінбейді ғой" дедім. Сонда әкімші "наше заведение не для "мамбетов" деп жауап қайтарды. "Сіздің ойыңызша, орысша білмейтін адамдардың бәрі "мәмбет" пе?" дегенімде, ол "барыңыз, барыңыз" деп ары қарай сөйлеспей қойды. Сол кезде қатты ашуландым. Заңды қайта бір қарап шықтым. Олардың әрекетінің заңсыз екендігіне толық көз жеткізген соң, Тіл туралы Заңға, тұтынушылар құқығын қорғау туралы Заңға арқа сүйей отырып, сотқа жүгіндім”. 

Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты Bla Bla Bar Astana клубы барлық ақпаратты мемлекеттік тілде жазуға, тұтынушылардан алдын ала "депозит" және клубқа кіру үшін ақы алмауға міндеттеді.  

Жүктелуде...