Жаңалықтар

“Шұлық пен картоп сатыңдар” Дәрігерлер емхана бастығына шағымданды

Атырау қалалық N 4 емханасының қызметкерлері медициналық мекеме басшысының атына шағымданып,  видео түсірген. Бұл туралы newsroom.kz порталы  хабарлайды tengrinews.kz сілтеме жасап. Медицина қызметкерлері жұмыс жағдайына, басшылықтың көзқарасына көңілі толмайтынын жеткізді. Сондай-ақ жұмыстан босатуын талап еткен. 

Емхана қызметкерлері: 

«Тіпті А4 форматындағы қағазды сұрағанымыз үшін бізді сөгіп жатыр.Біз оны жеке пайдалану үшін емес, сертификаттар, сынақтар және басқа да құжаттарды басып шығару үшін сұраймыз. Соңғы рет қағаздың жоқтығына куә болған бір науқас бір бума қағаз әкелген. Қағазды басып шығаратын картридждерге де ақша жинаймыз немесе өз қаражатымызбен кезектесіп сатып аламыз», - дейді. 

“Сен ақымақсыңдар. Базара барып, шұлық пен картоп сатыңдар” -  деген қорлық сөздерді емхана басшысы Еркін Сабировтан жиі еститіндерін мәлімдеді медицина қызметкерлері.