Жаңалықтар

Кәсіпкерлердің 5миллион теңгесін алып, тайып тұрған

Кәсіпкерлерге  субсидия алуға көмектесетінін айтып, 5миллионмен хабар-ошарсыз кеткен әйелдің ұсталғанын хабарлайды newsroom.kz порталы  inbusines.kz.сілтеме жасап.  Жетісай аудандық полиция бөліміне күдіктінің үстінен 3 арыз түскен.  ҚР ҚК-нің 190-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.  Белгілі болғандай алаяқ әйелдің субсидия алу мүлде ойында болмаған, жиналған ақшамен  несиесін жапқан. 

 Полиция департаменті:

"Ол әрбір жәбірленушіден қомақты ақша алған, бірақ уәдесін орындамай, хабар-ошарсыз кеткен".