"Әлеуметтік желіден 2-7 млн теңге табамын" А.Асқарбек қанша табыс табатынын айтты

"Рауза" телехикаясы арқылы танылған актер Айдар Асқарбек әлеуметтік желі арқылы ай сайын қанша табыс табатынын айтты.

фото: nur.kz

Айдар Асқарбек "Оян, таң" бағдарламасында әлеуметтік желіден түсетін орташа табысы 2-7 млн теңгені құрайтынын мәлім етті, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

"Әлеуметтік желіде орта есеппен 2-7 млн теңге табыс табамын. Ол менің уақытыма, желіге қосылуыма байланысты", - деді Айдар Асқарбек. Сонымен қатар өнер иесі түсірілім барысында ашық сахналар қиындық тудырмайтынын да жеткізді. "Ашық сахна қиындық тудырмайды. Жаныңдағы серіктесің әдемі, сұлу болса, неге қиындық тудыру керек?", - деді актер.

 

Жүктелуде...