15 қазанда түскі уақытта Ақтау-Жаңаөзен тас жолының 41/745 шақырымында жол апаты орын алды,- деп хабарлайды newsroom.kz өңірдің полиция баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Апат салдарынан 39 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды.
Полиция мәліметінше, Volvo FH маркалы жүк көлігінің жүргізушісі көлікті тізгіндей алмай,жол бойындағы қоршауға кірген, соның салдарынан көлік аударылған.
- Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұл факт ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша Мұнайлы аудандық полиция бөлімшесінің сотқа дейінгі тергеп-тексерулерінің бірыңғай тізілімінде тіркелген (абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы). Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді, - деп хабарлады ведомстводан.