Жапондар сияқты! Даниядағы матчта қазақтар қоқыс қалдырмаған

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жанкүйерлері 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Копенгагенде Даниямен өткен ойында ойыншыларға белсенді түрде қолдау көрсетті

Фото: tengrinews.kz

Бұл туралы newsroom.kz порталы tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ойыннан кейін жанкүйерлер трибунаны тегіс тазалап кеткен. Оқиға орнынан видеоны қазақстандық блогер Артур Асқарұлы Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Кадрлардан Қазақстан туын ұстаған жанкүйерлер қағаз бен пластик шыныаяқтарды, азық-түлік қаптамаларын және басқа да қоқыстарды жинап жатқанын көруге болады.

Жүктелуде...