Әлемнің үздік шахматшысын жеңген қазақстандық кім?

Qatar Masters Open турнирінде павлодарлық гроссмейстер әлемнің үздік шахматшысын жеңді.

Дахада өтіп жатқан Qatar Masters Open турнирінің екінші айналымында павлодардық гроссмейстер Әлішер Сүлейменов әлемнің ең үздік шахматшысы Магнус Карлсенді сенсациялық түрде жеңгенін хабарлайды newsroom.kz порталы informburo.kz сілтеме жасап.

Ойын жөнінде Қазақстан шахмат федерациясы:

« Магнус Карлсен әлем рейтингі бойынша гроссмейстерімізден 300 ұпайға жоғары. Соған қарамастан Норвегия чемпионы қарсыласына лайықты құрмет көрсетпей, ойынның ортасында бірнеше үстірт қимылдар жасап, есесін жіберіп алды. Әлішер болса, Магнустың алдында мүлде тартынбай, еркін отырғанын айтты.  31-кезекте Карлсен ойынды тоқтатқан. Осылайша, қазақстандық спортшы сенімді жеңіспен ойынды аяқтады. », - деді. 
 

Qatar Masters Open - 2300 ден  рейтингі жоғары ойыншылар қатыса алатын турнир. Биыл 44 елден 252 шахматшы қатысуда. Қатысушылар арасында 60-тан астам гроссмейстер бар. Турнирдің жүлде қоры 108 250 долларды құрайды.

Жүктелуде...