Жұлдыздар қайтадан ұтыс ойнатып бастады
Әлеуетті әлеуметтік желі арқылы қымбат сыйлықтармен еліткен танымал тұлғалар желіде «гив» ойнатып, түрлі марафон, ұтыс ойындарын өткізіп жүр. Ең өкініштісі мұндай оңай олжаның алаяқтықпен астасып жататын тұстары жоқ емес пе?
Елге жайлыған індет іспеттес бұл ойындар қаншалықты дұрыс? Әлеуметтік желіге зер салып қарасақ, ел аузындағы жұлдыздар ұйымдастыратын мұндай ойындарға әулиеше сенетін халықтың қарасы қалың екенін аңғар қиын емес. Қазақ арзанның тұзы татымас дейді, не де болса қарапайым халық оңай олжаға үміт артып, алаяқтың торына түсіп қалмай ма?
Осы орайда, инстаграм әлеуметтік желісінде «гив» жасап елді елең еткізген Айқын Төлепбергеннің жарымен бірге ұйымдастырып жатқан «гивті» көзіміз шалып қалды. Жұлдызды жұп өткізіп жатқан ойын небәрі екі күн ішінде 400 мыңға жуық қаралым, 7 мың пікір жинап үлгерген. Жұлдыз бен Айқынның ізін жалғап, артынша Қарақат пен Қыдырәлінің тұңғыштары да көлік ойнатуда. Қызығы, өнер жұлдыздары аталмыш ойынға халықты қатысуға шақырып, жарнама жасауда. Бұл қаншалықты дұрыс?
Біз осы орайда, Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділовқа қоңырау шалдық. Заңгерлерге жүгінуге кеңес берді.
Құрметті оқырман, «жұлдызды ұтысқа» қатысасыз ба? Бұл қаншалықты дұрыс? Айтқандай, мұсылманшылықты бұл дұрыс па? Дін өкілдері не дейді?
«Құмар – кездейсоқ сәттілікке үміттеніп ұтыс мақсатымен ақша, құнды зат тіге отырып ұту немесе ұтылу. Шариғатымызда құмар ойындарға қатаң түрде тыйым салынған. Дегенмен кейбір шарттармен рұқсат берген ғалымдар да бар. Мәселен, Иордания пәтуа кеңесінің №47 қарарында рұқсат етілген сыйлықтар шарттары былай көрсетілген: «Жүлделер үшін тауар бағасы негізгі құнынан аспауы қажет. Яғни, ұтысты алудың есесіне берілетін ешқандай төлем болмауы керек» дейді дін өкілдері.