«Қазақстанның барлық аумағында қазанның басында ауа температурасы климаттық нормадан 2-5°С жоғары болды. Бірақ оңтүстік-батыстан солтүстікке ауысатын тропосфералық ауа ағындары республикаға Қара теңізден жылы, ал Баранцева және Карск теңізінен суық және дымқыл ауа массаларын әкеледі», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Сондықтан демалыс күндері жауын-шашын болып, күшті жел соғады. Ауа температурасы республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс облыстарында төмендеп, таулы аймақтарда жаңбыр жауып, жел соғады және қар аралас жаңбыр жауады. Солтүстік облыстарда көктайғақ болуы мүмкін.
Жүктелуде...