Рас па? Мәскеуде тәжікстандықты шпионаж үшін тұтқындаған

Азамат 20 жылға бас бостандығынан айырылмақ

фото: fergana.agency

Мәскеудегі Лефортов аудандық соты тыңшылық жасады деген күдікпен Тәжікстан азаматын тұтқындады. Бұл туралы newsroom.kz ақпараттық порталы fergana.agency сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Mәлеметтерге сүйенсек, тәжікстандық Ресей астанасының жанында әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарының орналасуы туралы ақпаратты Украинаның қауіпсіздік қызметіне жүйелі түрде беріп отырған.

2023 жылғы 10 қазанда Мәскеу қаласының Лефортов аудандық соты жабық сот отырысында Тәжікстан Республикасының азаматына қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы тергеу өтінішін қарады"-деп нақтылады баспасөз қызметі.

Айта кетейік, егер тәжік азаматы кінәлі деп танылған жағдайда 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылатын болады

Жүктелуде...