«Ақшасы жоқтар соттала береді ме?» Танымал актер Тоқаевқа бейнехат жолдады

Асқар Жұмабеков өзінің 6 жыл 6 айға жазықсыз сотталып жатқанын айтып көмек сұрады.

фото: almaty.tv

Танымал актер Асқар Жұмабеков өзінің 6 жыл 6 айға жазықсыз сотталып жатқанын айтып, Президенттен көмек сұрады, деп хабарлайды  newsroom.kz ақпараттық порталы.

Танымал актер 10 ай бойы үйқамақта отырғанын. Оның сөзінше, істі сот тек бір жақты қарап жатқанын, бұл іс бойынша басқа да жігіттер жазықсыз сотталғалы жатырғанын айтып күйінуде. 

«10 қазанда сот болды. Ертең үкім шығады. Сол себепті мен мына видеоны өзімді қорғау мақсатында, сізден көмек сұрау мақсатында түсіріп қойып жатырмын, құрметті сот. Әділдікті қалаймын. Ол жерде менің ешқандай кінәм жоқ. Мен ажыраттым. Ешкіммен төбелескен жоқпын, құрметті Президент. Егер де ертең бізді бас бостандығымыздан айыратындай жағдай болып жатса, осы видео бүкіл Instagram желісінде тараса екен деймін. Ол жерде Ыдырысов, Әблязимов, Бахредин деген кісілердің ұлдары болып отыр. Сол себепті кімге барып көмек сұрасаң да, басын алып қашады. Себебі қорқады. Мына видеоны өзім түсіріп отырмын. Өйткені басқа мүмкіндік қалмады, құрметті Президент. Барынша көмек беруіңізді өтініп сұраймын сізден. Біз қай елде тұрып жатырмыз, Президент мырза? Бізде ақша жоқ болса, біз сонда бәріміз қамала беруіміз керек пе? Егер сондай болса, онда біз Қазақстан елінің азаматы болмай-ақ қояйық» - деді ол бейнежазбасында.

 

Жүктелуде...