Атырауда лицензиясы жоқ жекеменшік мектеп жұмысын тоқтатты

Қазақстанда 40 мектеп лицензиясыз жұмыс жасаған.

фото: baigenews.kz

Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің ақпараты бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігі лицензиясының жоқ Атырау облысындағы жекеменшік мектептің қызметі тоқтатты, деп хабарлайды newsroom.kz Білім министрлігіне сілтеме жасай отырып.

Министрлік берген мәлеметке сүйенсек,  2022 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан мектепке айыппұл салынған. Алайда, білім беру ұйымының басшылығы лицензиялау шараларын қолға алмаған.

Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР оқу-ағарту министрлігінің баспасөз-қызметі Қазақстанда 40 мектеп лицензиясыз жұмыс жасағанын хабарлаған еді

Жүктелуде...