Жаңалықтар

Бішкекке Путин келді

Ресей президенті Владимир Путин Қырғызстанға ресми сапармен келді. "Манас" халықаралық әуежайында оны Министрлер Кабинетінің төрағасы, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров қарсы алды. Бұл туралы newsroom.kz порталы хабарлайды.

Сапар барысында Путин Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен келіссөздер жүргізеді, сондай - ақ 13 қазанда Бішкекте Қырғызстанның төрағалығымен өтетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) қатысушы елдер басшылары кеңесінің отырысына қатысады.

Айта кетейік, бұл Ресей президентінің  араға көп уақыт салып жасап отырған алғашқы сапары.