Қос азаматтығы бар әйел Қазақстанда 20 жылдан бері зейнетақы алып келген

Зейнеткер мемлекетке 13 млн теңге шығын келтірді

фото: polisia.kz

Қос азаматтығы бар әйел Қазақстанда 20 жылға жуық зейнетақы алып келеді, деп хабарлайды, newsroom.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қос азаматтығы бар заңды бұзушыны осы жылдың қазан айының басында Шығыс Қазақстан полициясы анықтады. Алтай ауданының 76 жастағы тұрғыны 2002 жылдың қараша айында Ресей азаматтығын алғаны анықталды. Сонымен қатар, 2004 жылы зейнеткерлік жасқа жеткеннен кейін әйел екі жақтан зейнетақы төлемдерін алып отырған. Мемлекетке келтірілген шығын 13 млн теңгеден асып кеткен.

Жүктелуде...