Астанада ауа температурасы +1 градусқа дейін төмендейді

Еліміздің бір мегаполисінде күн салқынадайды

фото: egemen.kz

Синоптиктер бейсенбі, 12 қазанда Қазақстанның ірі қалалары – Астана, Алматы, Шымкентте ауа райы қандай болатынын болжады,- деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі OpenWeather порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда жауын-шашынсыз, күн ашық болады. Күндіз +27 градусқа дейін жылы болса, түнде ауа температурасы +8 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4,9 м/с. Ал Астанада бүгін күн жаңбырлы болады. Синоптиктердің болжамынша, елордада күндіз ауа температурасы шамамен +10 градусқа дейін көтеріліп, түнде +1 градусқа дейін төмендейді.

Желдің – жылдамдығы 5 м/с. Еліміздің үшінші мегаполисі Шымкентте де бүгін жаңбыр жауады деп күтілуде. Десе де, күндіз +24 градусқа дейін жылы болып, түнде ауа температурасы +13 градусқа дейін төмендемек. Желдің – жылдамдығы 7,3 м/с.

Жүктелуде...